Ұлттық спорт түрлері қауымдастығында Бекболат Тілеуханның орнына Исламбек Салжанов келді

Дина Шарипханова Корреспондент

Кәсіпкер Исламбек Салжанов ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшысы қызметіне сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәсіпкер Исламбек Салжанов ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшысы қызметіне сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақ ұлттық спорт түрлері қауымдастығының жаңа президенті болып белгілі кәсіпкер және меценат, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов сайланды. Бұл туралы Қауымдастық құрылтайшыларының онлайн және офлайн форматта өткен жиналысы барысында белгілі болды", - делінген хабарламада.

Ұйым көкпар, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, теңге ілу, тоғызқұмалақ және т.б спорт түрлерін біріктіреді.

Реклама
Реклама

"Исламбек Салжанов бұл қызметке Бекболат Тілеуханның орнына келді", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, жиында бірлестіктің жаңа басшылық құрамы сайланды.

Айта кетейік, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының сайтында ұйымның президенті бұрын Қайрат Сатыбалды болғаны, ал бірінші вице-президент қызметін Бекболат Тілеухан атқарғаны көрсетілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама