28 маусым 2022 17:47

Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:instagram.com/akimatzhez

Аман Барикенов пен Ұлантай Үсенов Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жезқазған әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аман Барикенов пен Ұлантай Үсенов Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жезқазған әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, басқарма басшыларының міндетін атқарушылар таныстырылды.

"Барлығы 18 департамент құрылды, оларда 251 штат бекітілді. Кейбір департаменттер біріктірілді, кейбірі екі бөлек болып бекітілді", - деді Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы.

Реклама
Реклама

Аман Сайлаубекұлы Барикенов 36 жаста, Жезқазған қаласында туған. Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейдің түлегі. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, Қаржы академиясын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Қаржы министрлігі бухгалтерлік есепті, аудиторлық бақылауды және қаржылық бақылауды дамыту департаментінде басқарма эксперті болып бастаған. Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР премьер-министрі Кеңсесінде жауапты мемлекеттік қызметтер атқарған. 2019 жылдан бастап - ҚР премьер-министрі Кеңсесі экономика бөлімінің меңгерушісі. Үйленген, 3 баласы бар.

Ұлантай Төлеутайұлы Үсенов 47 жаста, Жаңаарқа ауданында туған. Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Қазақ тұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихаты аппаратында маман болып бастап, әр жылдары Жаңаарқа, Абай аудандарында, Сәтбаев қаласында жауапты мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқарған. 2018 жылдан осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болған. Үйленген, 2 баласы бар.

Абзал Жайлыбаев Ұлытау облысы әкімінің аппарат басшысы болып тағайындалды.

Абзал Әліпұлы Жайлыбаев, 39 жаста. Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазақ тұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Экономика және бизнес магистрі.

Еңбек жолын 2004 жылы Жаңаарқа ауданы бойынша салық комитетінде программист болып бастап, әр жылдары Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты, Жаңаарқа ауданының қаржы бөлімі, Қарағанды облысы әкімінің аппаратында түрлі мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқарған. 2021 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қарағанды облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болған. Үйленген, 3 баласы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram