Зүлфия Сүлейменова Сыртқы істер министрлігінде немен айналысады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Зүлфия Сүлейменова Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде ерекше тапсырмалар жөніндегі елші қызметіне тағайындалды. Tengrinews.kz тілшісі ол жаңа лауазымда қандай міндеттер атқаратынын анықтады.

Зүлфия Сүлейменова Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде ерекше тапсырмалар жөніндегі елші қызметіне тағайындалды. Tengrinews.kz тілшісі ол жаңа лауазымда қандай міндеттер атқаратынын анықтады.

"Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші" лауазымы нені білдіреді

Ерекше тапсырмалар бойынша елші - тұрақты елші сияқты қабылдаушы елде тұрақты тұруды талап етпейтін, нақты миссияны немесе тапсырманы орындау үшін тағайындалған дипломат. Қазақстанның әкімшілік лауазымдар тізіліміне сәйкес, бұл лауазым С-1 санатына жатады және Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратындағы штаттық лауазым саналады.

Реклама
Реклама

Анықтама: С-1 санаты — орталық мемлекеттік органдардағы басшылық лауазым және жоғары жауапкершілік пен басқарушылық шешімдер қабылдау деңгейін білдіреді.

СІМ баспасөз қызметі мәліметінше, ерекше тапсырмалар жөніндегі елші министрліктің орталық аппаратында жұмыс істейді және шетелдік мекемелерде қызмет атқармайды. Ведомство құрамында осындай бірнеше штаттық орын бар.

"Бұл лауазым – сыртқы саясат пен халықаралық бастамаларды жүзеге асыру аясында арнайы, маңызды немесе уақытша тапсырмаларды орындауға арналған жоғары деңгейлі дипломатиялық позиция", – делінген министрлік хабарламасында.

Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшілердің негізгі міндеттері мыналар болуы мүмкін:

  • Қазақстанды халықаралық келіссөздер мен конференцияларда таныстыру;
  • ядролық қарусыздану, халықаралық қауіпсіздік, экология, адам құқықтары немесе халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл сияқты бағыттарды қадағалау;
  • басшылықтың арнайы дипломатиялық тапсырмаларын орындау;
  • бітімгерлік немесе консулдық мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу;
  • қазақ диаспорасы, гуманитарлық жобалар мен экономикалық дипломатия бағыттарымен айналысу;
  • сыртқы саясат саласындағы ведомствоаралық бастамаларды үйлестіру.

Зүлфия Сүлейменованың жаңа қызметтегі міндеттері

Жаңа лауазымда Зүлфия Сүлейменова экология және жасыл экономика мәселелерін қадағалап, осы бағыттар бойынша Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын жүзеге асырумен айналысады.

Еске салайық, 11 қарашада Зүлфия Сүлейменованың жаңа қызметке тағайындалғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама