ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қаңтар 2022 | 16:42
Актриса Анастасия Вознесенская қайтыс болды
79 жасында әйгілі ресейлік актриса, актер Андрей Мягковтың жары Анастасия Вознесенская қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәскеу көркем театрының сайтына сілтеме жасай отырып.

"Бүгін, 14 қаңтарда Ресейдің Халық әртісі Анастасия Валентиновна Вознесенская өмірден өтті. Ол 78 жаста еді. Актриса "Майор Вихр" фильмінде кино-радио операторы Аня Родионова рөлінде ойнады. Бұл - оның алғашқы басты рөлі еді. Ол сирек болса да, экранда жарқын образдарымен көрінді", - делінген театр хабарламасында.
Анастасия Вознесенская 1943 жылы 27 шілдеде Мәскеуде дүниеге келді. Мәскеу көркем өнер студиясында оқыды. 1963 жылы курстасы Андрей Мягковқа тұрмысқа шықты. Ол кейін Кеңес киносының аңызына айналды.
Кинода Вознесенская 1966 жылы дебют жасады. Әйгілі "Майор Вихр" фильмінде басты рөлді сомдап, танымал болды. Кинода 20-дан аса рөлде ойнады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также