11 ақпан 2022 13:20

Актриса Евгения Брик 41 жасында қайтыс болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Евгения Брик. Фото:instagram.com/evgeniabrik

"Стиляги" және "Географ глобус пропил" фильмдерінің жұлдызы, ресейлік танымал актриса Евгения Брик 41 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 5tv.ru. сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Стиляги" және "Географ глобус пропил" фильмдерінің жұлдызы, ресейлік танымал актриса Евгения Брик 41 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 5tv.ru. сілтеме жасап.

Евгения Бриктің өкілі актрисаның 11 ақпанда таңертең қайтыс болғанын растады.

"Иә, солай. Анық-қанығын білмеймін (өлімнің себебі туралы. - Ескерт. ред.), бірақ коронавирустан емес", - деді Елена Брагина.

Реклама
Реклама

Журналист Катерина Гордеева актриса Евгения Бриктің қайтыс болғаны туралы ақпаратты бірінші болып жазды. Ол Facebook парақшасында актриса қайтыс болғанға дейін ауырғанын жазды.

"Женя ауырып жатқанын біреу білгенін қаламады. Женяның Зоя деген қызы бар. Ол қызын, күйеуі Валерий Тодоровскийді, анасы мен әпкесін шексіз жақсы көрді. Оларға қайғыра көңіл айтамын. Күш берсін. Себебі енді Женясыз өмір сүріп үйрену керек. Жарқын естелік", - деп жазды Гордеева.

Евгений Брик "Стиляги", "Географ глобус пропил" фильмдерінде, "Оттепель", "Адаптация", "Романовы" сериалдарында ойнаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram