ПОДЕЛИТЬСЯ
- Главная
- 23 ақпан 2014, 13:29
Алтай аймағындағы сауда орталығында жарылыс болды
РФ Алтай аймағының оңтүстік-шығысында орналасқан Бийск қаласындағы сауда орталықтарының бірінде жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Life News сайтына сілтеме жасап. Төтенше оқиға салдарынан 3 әйел қайтыс болды.Жарылыс болған жерде қазір құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. "Life News" сайты сондай-ақ, жарылыс кезінде қаза тапқан адамдар саны одан да көп болуы мүмкін екендігін болжауда. Жарылыстың болғаны жөніндегі хабар орталық диспетчерлік қызметке жергілікті уақытпен таңғы сағат 08.00-де келіп түскен."Екі қабатты сауда орталығының сау-тамтығы қалмады. Жарылыс болған жерден үш әйелдің мәйіті табылды. Қазір оқиға кезінде қайтыс болғандардың аты-жөндері анықталу үстінде", - делінген Бийскінің құқық қорғау органдары таратқан мәліметте. Тәртіп сақшылар жарылыстың неден болғанын тап басып айта алмай отыр. Анықталғанындай күлі көке ұшқан сауда орталығы көмірмен жылытылған.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии