10 ақпан 2014 08:56

Анджелина Джоли мен Бред Питт Сочиге келді

Сурет Starandstar.ru. сайтынан алынды

7-ақпанда Анджелина Джоли мен Бред Питт Сочиге келді, деп хабарлайды Starandstar.ru басылымы. Басылымның мәліметінше, Сочи Олимпиадасына келу үшін ерлі-зайыптылар Ресейге туристік жолдама рәсімдеген. Осы кезде олар жолдаманы сатқан турфирма қызметкерлерімен жеке ақпаратты жарияламау туралы келісім-шарт жасасқан. Анджелина Джоли мен Бред Питт Сочиде ойын аяқталғанша болады деп күтіліп отыр. Жақында олар Оңтүстік Африка республикасына барады, онда ерлі-зайыптылар сегіз ай болады. Бұлай көшуге Бредтің жаңа фильмге қатысты жұмысы себеп болып отыр. Бұл көріністегі серіктесі өзінің досы әрі Питтің әріптесі Джордж Клуни болмақ. Сочи Олимпиадасының ашылу салтанады 7-ақпанда басталды. Бұл ретте 98 медаль сарапқа салынады. Олимпиада ойындары 23-ақпанға дейін созылады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram