03 ақпан 2014 18:31

Чемпиондарға метеорит сынығы қосылған медаль беріледі

Сочи Олимпиадасында жеңіс тұғырынан көрінген 10 спортшы (тек алтын медаль алған) мен 40 жанкүйер Челябі маңындағы Шұбаркөлге құлаған метеориттің сынығы қосылған сувенир-медальдің иесі атана алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz ВВС-дің Русская Служба сайтына сілтеме жасап. Мұндай кәдесый иегерлері ақпанның 15-і, яғни метеориттің жерге түскеніне тура бір жыл толуына орай өткізілетін жеребе арқылы анықталады. Сувенирлер жеңімпаз спортшыларға тегін үлестірілетін болса, қалған 40 медаль сол күннен бастап саудаға шығарылады. Еске сала кетейік, Сочидегі Олимпиада ойындары 7-23 ақпан аралығында өтеді. Спортшылар спорттың 15 түрі бойынша сайысқа түседі және 98 медаль сарапқа салынады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram