Қазақстандық елшінің ұрланған құжаттары қайтарылды

Қазақстандық елшінің ұрланған құжаттары қайтарылды Бекжасар Нарбаев. ©Тengrinews.kz

Қазақстандық елші Бекжасар Нарбаевқа ұрланған құжаттары қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мамандарының айтуынша, 31 шілде күні ұрылар Төтенше және Өкілетті елші Нарбаевтың құжат салынған барсеткасын және фотоаппараттарын қайтарды.

Еске сала кетейік, мұның алдында 30 шілде күні Санкт-Петербургтегі отельдердің бірінде Бекжасар Нарбаевтың тоналғаны хабарланған болатын. Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, кездесуге әзірленіп жатқан елшінің көзін ала бере ұрылар оның маңызды құжаттар, дипломатиялық төлқұжат, екі фотоаппарат пен ақша салынған сөмкесін алып кеткен. 

Реклама
Реклама

Елші Санкт-Петербургте жеке сапармен жүрген. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама