30 қазан 2022 10:26

Мәскеу орталығында үшқабатты үй өртенді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
ren.tv

Мәскеу орталығында 200 шаршы метр аумақтағы үшқабатты үй өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеу орталығында 200 шаршы метр аумақтағы үшқабатты үй өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресей ТЖМ Бас басқармасы мәліметінше, өрт туралы ақпарат жергілікті уақыт бойынша 16.24-те (Астана уақыты бойынша 19.24-те) белгілі болған.

"Өртсөндірушілер келген кезде 3-қабаттың терезелерінен үй өртеніп жатқаны байқалған. Ғимарат үшқабатты, кірпіштен қаланған, ескі ғимарат. Өрт ауданы 200 шаршы метр болады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Кейінірек өрт сөндірілген. Өртсөндіруге 100 адам және 29 техника жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram