Мәскеуде қазақстандық жігіт KFC мейрамханасының келушісіне пышақпен шабуыл жасады

Мәскеуде қазақстандық жігіт KFC мейрамханасының келушісіне пышақпен шабуыл жасады © Ростовские Вести

Мәскеуде қазақстандық жігіт KFC мейрамханасының келушісіне пышақпен шабуыл жасады, - деп хабарлайды "Москва" агенттігі. 

Полицияға Белорус вокзалының жанында орналасқан Грузин валы көшесіндегі KFC мейрамханасында оқыс оқиға болғаны туралы мәлімет түскен. Полицейлер оқиға орнына жеткен уақытта оларға 24 жастағы жігіт жүгіріп келіп, мейрамхана ішінде бірер минут бұрын белгісіз ер адамды себепсіз пышақпен қуалағанын айтқан. "Белгісіз адам жәбірленушінің білегін жаралап, қашып кеткен", - деді құқық қорғау органдарындағы дереккөз. Зардап шеккен адамды ауруханаға алып кетті. 

Арада 10 минут өткенде оқиға болған жерден алыс емес маңайдан бұзақы ұсталған. Ол 33 жастағы жұмыссыз Қазақстан тұрғыны екені анықталған. Оған қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалған. 

Жарнама
Жарнама
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама