Мәскеуге дрондар шабуыл жасады

Мәскеуге дрондар шабуыл жасады Әлеуметтік желілерден алынған фото

Мәскеуге ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәскеуге ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ресей астанасының мэрі Сергей Собяниннің мәлімдеуінше, әуе қорғанысы жүйесі 60-тан астам дронның көзін жойған. Оның айтуынша, шұғыл қызмет мамандары сынықтар құлаған жерлерде жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ кейбір Telegram-арналар 16-маусымға қараған түні Мәскеудегі төрт әуежайдың бәрі - Шереметьево, Домодедово, Внуково және Жуковский жабылғанын жазды. Таңға қарай шектеулер алынып тасталды.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, Украиналық БАҚ бейнежазбалар жариялап, дрондардың нысанасы Мәскеудегі ең ірі мұнай өңдеу зауыты болуы мүмкін екенін хабарлады.

Мәскеу мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) Капотня ауданында орналасқан. Мұнай өңдеу зауытына бұған дейін де ұшқышсыз аппараттар шабуыл жасаған болатын - 2026 жылғы мамырда 12 адам жараланған еді. Сонымен қатар Ресей тарапы ол кезде өндіріс зардап шекпегенін мәлімдеді.

15 мамырда Киев жаппай шабуылға ұшырады. Украина астанасының барлық дерлік ауданында қираулар мен өрт тіркелді, қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама