21 наурыз 2014 17:04

Путин шетелдіктермен жасалатын қылмыстың алдын алу шараларын күшейтуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

РФ президенті Владимир Путин. ©РИА Новости РФ президенті Владимир Путин. ©РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин шетелдіктер жасайтын қылмыстың алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылдау керек деп мәлімдеді дейді РИА Новости ақпарат агентігіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Ол 2013 жылы осындай қылмыс түрі 10 пайызға артқанын атап өтті. "Шетел азаматтарымен, әрине, ең алдымен, ТМД азаматтарымен жасалған қылмыс көлемі 10 пайызға өскен" деп мәлімдеді Путин ІІМ кеңейтілген отырысында. Путиннің айтуынша, бұл қандай да бір науқаншылдық емес, осы саладағы жағдайды сауықтыруға бағытталған өте жауапты іс. "Мұндай қылмыстардың алдын алудағы тиімді қосымша шараларды ойластыру керек, біріккен тәсілдерді қолданып, жедел ақпаратпен қамсыздандырылуда ТМД мемлекеттеріндегі әріптестерімізден көмек сұрауымыз тиіс" деді РФ президенті. Ол ІІМ, ең алдымен, әсіресе шекарааралық территорияларда заңсыз көші-қонға жол беруші құрылымдарды анықтап, оларды ауыздықтауда қауіпсіздік органдарымен, көші-қон қызметімен және сот приставтары қызметімен байланысты күшейту керектігін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети