Путин Стивен Сигалға Ресей азаматының төлқұжатын сыйға тартты

© Lenta.ru

Америкалы? актер Стивен Сигал Ресей Федерациясыны? президенті Владимир Путинні? ?олынан Ресей азаматыны? т?л??жатын алды, - деп хабарлайды ТАСС.

Америкалық актер Стивен Сигал Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматының төлқұжатын алды, - деп хабарлайды ТАСС.

"Мен сізді құттықтаймын және осы бір аз да болса құрметіміз екі ел арасындағы қарым-қатынастың біртіндеп қалпына келуінің нышаны болады деген үміт білдіремін", - деді Владимир Путин актермен кездесу барысында. 

Актер Мәскеуге 19 қараша күні келген. Путин Стивен Сигалға ел азаматтығын беру туралы жарлыққа 3 қарашада қол қойған. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзінше, "Ресей еліне деген жылы қарым-қатынасымен" белгілі актер бұл туралы ұзақ әрі өтініп сұраған.

Реклама
Реклама

Стивен Сигалдың өзі бұл жайтқа өте қуанышты екендігін жеткізді. "Мен Ресейді өз елімдей қатты сыйлаймын және осы жерге тартып тұрады", - дейді танымал актер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама