Қазақстан тумасы Ресейде 3 жасар баласын сатқысы келген

Роликтің кадры

Липецк қаласының құқық қорғау органдары Қазақстан тумасына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады, ол өз баласын сатуға оқталған, - деп хабарлайды "ВладТайм"

Ер адам ауқатты отбасыға баласын 1,5 миллион рубльге сатып, бұл қаражатқа өзіне үй сатып алғысы келіпті. 24 жастағы ер адам 2015 жылы шілдеде ұсталған. Құқық қорғау органдары Интернетте бала сату туралы хабарландыруды байқап, шартты түрдегі ата-ана болып, баласын сатып алғысы келген. Ер адам сату-сатып алу процессін жеңілдету үшін өз әйелімен қосылып, баланың анасы өлді делінген құжатты қолдан жасаған. 

Реклама
Реклама

Полицейлерге түсінік берген ер адам бұл іске баласына жақсылық ойлағандықтан барғанын айтыпты. Ал әйелі оларды тастап, Қазақстанға көшіп кеткен. Жалғыз өзі баланы тәрбиелеуге қиналатын көрінеді. Басылымның мәліметінше, бұл қылмысы үшін күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал баласын сатқысы келген ер адамның әйелі жазадан құтылып отыр. Себебі ол өз кінәсін мойындап, өкініп, емшектегі баласын асырап отырғанын айтқан.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама