Ресей шекарасында украин әскерінің 15 мыңдық тобы тұр

Ресей шекарасында украин әскерінің 15 мыңдық тобы шоғырланған, бұл туралы РФ қорғаныс министрлігінің орынбасары Анатолий Антонов журналистерге мәлім етті, - деп хабарлайды РИА Новости. 

РФ президенті Владимир Путин бұған дейін Ресей әскерінің Украина шекарасынан алынғанын мәлімдеген болатын. Бірақ НАТО мен АҚШ-тың ресми өкілдері ресейлік жасақтардың украин шекарасындағы орналасуының өзгермегенін хабарлады.

"Украина қарулы күштерінің Ресей-Украина шекарасына шоғырлануы жалғасып жатыр. Шекаралас өңірлерде Украина әскерінің 15 мыңдық тобы жайғасқан. Қарулы күштерге шақыру жанданды", - дейді Антонов.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, Шығыс Еуропада НАТО құрылымдарының қатары да артып келеді. "Украинада жалғасып жатқан дағдарыс жағдайында мұндай әрекеттер елдегі шиеленісті бәсеңдетуге септігін тигізбейді", - деді ол.

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама