ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қыркүйек 2020 | 18:53
Ресей Бас прокуратурасы Алексей Навальныйдан жауап алмақ
Ресейдің Бас прокуратурасы Алексей Навальныйдан жауап алып, оның Новосибирск пен Томскіге іссапарының жай-жапсарын білмек, - деп хабарлайды RT.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресейдің Бас прокуратурасы Алексей Навальныйдан жауап алып, оның Новосибирск пен Томскіге іссапарының жай-жапсарын білмек, - деп хабарлайды RT.
Қадағалаушы орган көлік полициясымен бірге Германия Әділет министрлігіне осындай өтініш жіберген.
Тергеушілер ресейліктің улануы туралы нұсқаны тексеріп, оның денсаулығы туралы тікелей білуге ниетті екені хабарланған.
Бас прокуратураның қызметкерлері Навальныйдың іссапарын кім жоспарлағанын және Мәскеуден шыққаннан бастап Омбыдағы ауруханаға дейін қасында кім болғанын сұрамақ. Сондай-ақ, ведомство Томскіде ол қонақүйдегі нөмірін неге ауыстырғанын да білмек.
Сонымен қатар, неміс мамандарынан анализдер мен токсикологиялық зерттеулердің нәтижелері сұралған.
Навальныйдан жауап Германияда алынбақ. Германия Әділет министрлігі құжатты қабылдап, оны зерттеп жатқаны атап өтілді.
Еске салайық, 20 тамызда Алексей Навальный уланып, жансақтау бөліміне түскен болатын. Оппозиционер Томск қаласынан Мәскеуге ұшып бара жатқан кезде ұшаққа Омбыда шұғыл түрде қонуға тура келген еді.
Кейін ол германиялық ауруханаға жеткізілген. 10 қыркүйекте ресейлік оппозиционер есін жиғаны хабарланған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также