26 қазан 2021 | 16:47

Ресей билігі Моргенштерннің Жеңіс күні туралы сөзіне пікір білдірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков рэпер Моргенштерннің Жеңіс күні туралы айтқан сөзіне түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков рэпер Моргенштерннің Жеңіс күні туралы айтқан сөзіне түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"Иә, мұндай жастарға тек адами тұрғыдан кеңес бере аласың, ата-әжесі болса, солармен сөйлессін немесе қатары сиреген ардагерлермен сөйлессін. Олардан Жеңіс күні неге маңызды екенін және неге еліміз үшін мәңгі маңызды болатынын сұрасын", - деді Песков журналистерге.

Ол, ең алдымен, мұндай пайымдаулар "ашудан" емес, білместіктен туындайтынын және олқылықтарды жою өте оңай екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Әрине, танымал жастар еліміз үшін Жеңіс күні сияқты маңызды ұғымдарды түсінуге жауапты екенін түсінуі керек. Олар бұл үшін моральдық жауапкершілікке тартылуы керек", - деп толықтырды Песков.

Моргенштерн Ксения Собчакқа берген сұхбатында Жеңіс күні туралы пікір білдірген еді.

"Мен 76 жыл бұрын болған Жеңіс мерекесін мүлдем түсінбеймін. Жыл сайын миллиондаған ақша жұмсалады, тойланады. Мүмкін, мақтанатын басқа ештеңе жоқ шығар. Бір кезде жеңгенді жыл сайын еске алудың не керегі барын түсінбеймін", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная