ПОДЕЛИТЬСЯ
05 наурыз 2022 | 18:14
Ресей Қазақстаннан келетін көкөністерге шектеуді алып тастады
Ресей Қазақстаннан келетін көкөністерге шектеуді алып тастады. Бұл туралы Россельхознадзордың хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресей Қазақстаннан келетін көкөністерге шектеуді алып тастады. Бұл туралы Россельхознадзордың хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Россельхознадзор 2022 жылдың 5 наурызынан бастап бұрын енгізілген шектеулерді алып тастайды және тоғыз елден көкөніс өнімдерін Ресейге әкелуді қайта бастайды",-делінген хабарламада.
Әкелуге рұқсат етіледі:
- Қазақстан Республикасынан қызанақ және бұрыш;
- Армения Республикасынан қызанақ;
- Әзірбайжан Республикасынан қызанақ;
- Беларусь Республикасынан қызанақ және бұрыш;
- Египет Араб Республикасынан картоп;
- Қырғызстан Республикасынан қызанақ және бұрыш;
- Түркия Республикасынан қызанақ, бұрыш, кәді және баклажан;
- Түрікменстаннан қызанақ және бұрыш;
- Өзбекстан Республикасынан қызанақ пен бұрыш.
Россельхознадзордың айтуынша, шешім жоғарыда аталған елдердің өсімдіктер карантині және қорғау жөніндегі ұлттық ұйымдары ұсынған аймақтандыру туралы ақпаратты, сондай-ақ, Ресей Федерациясы мен ЕАЭО-ға мүше елдердің фитосанитариялық талаптарын бұзуға жол бермеу үшін қабылданған шараларды талдау нәтижелері бойынша қабылданды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также