24 қыркүйек 2020 09:12

Ресей шетелдіктерге қатысты коронавирус шарасын ұзартты

© РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин елдегі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты коронавирусқа байланысты енгізілген шараларды 15 желтоқсанға дейін ұзартты. Бұл туралы 23 қыркүйекте мемлекет басшысының құқықтық ақпарат порталында жарияланған жарлығында айтылған, - деп хабарлайды "Известия".

ПОДЕЛИТЬСЯ

16 қыркүйекте күшіне енген құжат биыл сәуірде бекітілген шетелдіктердің елдегі құқықтық мәртебесін реттеу жөніндегі уақытша шараларды ұзартады. Бұған дейін бұл жарлық 15 маусымда үш айға ұзартылған болатын.

Реклама
Реклама

Осылайша, 15 желтоқсанға дейін басқа мемлекеттердің азаматтарына қатысты Ресейден кету мәселесінде ешқандай шешім қабылданбайды.

Сонымен қатар, құжатта шетелдік азаматтар Ресей Федерациясынан жарамдылық мерзімі 2020 жылдың 14 наурызынан кейін аяқталған жеке куәлікке сәйкес азаматтығы бар мемлекеттерге қайта алатыны туралы да айтылған.

Сонымен бірге, қаулыға сәйкес, Ресейге визаны қажет етпейтін тәртіппен келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар патенттің қолданылу мерзімін ескермей, оны ұзартуға немесе қайта рәсімдеуге өтініш бере алады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram