Ресейде әскери ұшақ құлады

Фото ©РИА Новости

Тверь облысында Су-30 жойғыш ұшағы құлады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Тверь облысында Су-30 жойғыш ұшағы құлады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"22 қыркүйекте Тверь облысында жоспарланған оқу-жаттығу ұшуы кезінде Батыс әскери округының Су-30 ұшағы апатқа ұшырады", - делінген Батыс әскери округінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Экипаж мүшелері зардап шекпеген, ұшқыштар жерге қонғаннан кейін байланысқа шыққан. Қазір экипаж аэродромға жеткізілді.

Реклама
Реклама

"Ұшақ орманды жерге құлады. Жерде ешқандай қирау жоқ. Апаттың себептері мен жағдайларын анықтау үшін апат орнына Батыс әскери округінен комиссия жіберілді", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама