13 қараша 2020 18:34

Ресейде ұшақ шұғыл түрде қонды: қозғалтқыш істен шыққан

Фото: РФ Тергеу комитетінің Көліктегі Батыс Сібір тергеу басқармасы

Новосибирскідегі әуежайда жүк тасымалдайтын Ан-124 ұшағы шұғыл түрде қонды. Ресей авиациясы өкілі оған қозғалтқыштағы ақау себеп болғанын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Новосибирскідегі әуежайда жүк тасымалдайтын Ан-124 ұшағы шұғыл түрде қонды. Ресей авиациясы өкілі оған қозғалтқыштағы ақау себеп болғанын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Волга-Днепр" авиакомпаниясының ұшағы Новосибирскіден Венаға ұшып шыққан, бірақ қозғалтқыштардың біріндегі ақауға байланысты экипаж ұшқан әуежайына оралуға шешім қабылдады. Қону кезінде Ан-124 ұшу-қону жолағынан шығып кетті.

Реклама
Реклама

"Алдын ала ақпарат бойынша, қону кезінде пневматика мен сол жақ негізгі тірекке зақым келген", - деді Ресей авиациясының өкілі.


Фото: РИА Новости 

Ұшақта 14 адам болған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. 

Шұғыл қону кезінде Ан-124 ұшағы ұшу-қону жолағын зақымдаған. 10 рейс қосалқы аэродромдарға жіберілген, ал екінші ұшу-қону жолағы дайындалып жатыр.

Сонымен қатар, Толмачево әуежайынан бірнеше шақырым жерде шұғыл қонуға мәжбүр болған Ан-124 ұшағының сынықтары табылды. Ол ұшақтың көтерілу жолында жатқан.


Фото: РИА Новости

Ан-124 көтеретін жүк көлемі бойынша дүние жүзінде екінші орында тұр. 1982-1988 жылдары ол өлшемдері бойынша әлемдегі ең үлкен ұшақ болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram