ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қазан 2020 | 18:59
Ресейлік "Спутник V" вакцинасының сынағына қатысқандар коронавирус жұқтырды
Ресейлік "Спутник V" вакцинасының сынағынан өткен кейбір ерікті тіркеуден кейінгі зерттеулер кезінде коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Гинцбург еріктілерге плацебо берілуі мүмкін екенін айтады, бұл туралы қарашада белгілі болады.
Оның айтуынша, зерттеуге қатысатын еріктілердің жартысы вакцинаның бірінші компонентін алды, тоғыз мыңға жуығы екінші рет вакцинацияланған.
Тамызда Ресей Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-дың алдын алу бойынша дүние жүзіндегі алғашқы вакцинаны тіркеген болатын. Оны Гамалея атындағы Эпидемилогия мен микробиология ғылыми-зерттеу орталығы және Ресейдің тікелей инвестициялар қоры бірлесіп жасаған. Вакцина "Спутник V" деп аталған еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также