ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қазан 2020 | 12:39
"Себептері әлі анықталған жоқ". Камчатка жағалауы теңіз жануарларының өлі денесіне толды
Камчатка жағалауы теңіз жануарларының өлі денесіне толды. Экологиялық апаттың фотосуреттері мен видеосы Желіде тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Камчатка жағалауы теңіз жануарларының өлі денесіне толды. Экологиялық апаттың фотосуреттері мен видеосы Желіде тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Greenpeace Russia бұл оқиғаның Камчаткадағы кәсіби серфингшілер жиналатын туристік орталық Халактырский жағажайында болғанын хабарлады. Олардың мәліметінше, Халактырский жағажайындағы судың түсі өзгеріп, адам денсаулығына қауіп төндірген. Соңғы бірнеше аптада суға түскен адамдар жағымсыз салдарларға тап болған.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Greenpeace России ? (@greenpeaceru) 3 Окт 2020 в 4:43 PDT
"Судың сынамаларын тексергеннен кейін мамандар мұнай өнімдері төрт еседен, ал фенол 2,5 еседен артық екенін анықтады. Ластану көлемі әлі анықталған жоқ, бірақ өлі жануарлардың барлық жағалауда табылуы жағдайдың маңызды екенін растайды.
Ластанудың себептері әлі анықталған жоқ. Үлкен химиялық ластануларға және проблемаға жедел жауап алу үшін біз ластанудың себептерін жедел тергеу, көлемін бағалау және салдарын жедел жою туралы талаппен Табиғи қолдану саласы бойынша федералды қызметке, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын қадағалау жөніндегі федералды қызметке, Қорғаныс министрлігіне және Бас прокуратураға жүгіндік. Апат болған жерге Greenpeace экспедициясы аттанады", - делінген хабарламада.
Куәгерлердің бірі Дофлейн сегізаяғының мәйітін көрсетті, ол Солтүстік Тынық мұхитында жүзетін алып сегізяқ саналы.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Kristy Fury (@kristy_rozenberg) 2 Окт 2020 в 1:17 PDT
Жергілікті серфингшілердің бірі Антон Морозов қазіргі жағдай туралы айтты. Дауылдан кейін су сәл тазарды, - дейді ол.
"Бірақ сары қоспалар мен бөтен иіс бар, ал үш сағаттан кейін тамағым ауыра бастады. Осы уақыт ішінде біз таңертең Мәскеуге тәуелсіз сараптама жасау үшін жіберілетін үлгілерді алдық. Ертең біз бәрін егжей-тегжейлі зерттеу үшін жерсерік түсірген суретте орналасқан өзенге жетіп, не болып жатқанын сол жерде түсінеміз деп үміттенеміз", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Anton Morozov l Snowave (@snowave_kamchatka) 3 Окт 2020 в 5:24 PDT
Серфер Антон Морозовпен байланыста болған Юрий Дудь те апат туралы айтты.
Сондай-ақ, рэпер Тимати бейнеүндеу жазды. Ол да билікті жағдайға араласуға шақырды.
На Камчатке произошла утечка нефтепродуктов, из-за чего погибли тысячи морских жителей: моллюски, крабы, ежи, мидии - ценнейший морской биоресурс.
— Dmitry78 (@Dmitry788) October 2, 2020
Предстоит оценить масштабы экокатастрофы ?
Также получили ожоги роговицы глаз люди, которые отдыхали на пляже неподалеку pic.twitter.com/laxJRVpBSh
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также