23 наурыз 2014 10:41

Украинаның әскери-теңіз күшіне тиесілі сүңгуір қайық Ресейдің қарауына өтті

"Запорожье" қайығының үстінде Андреев туы көтерілді. Фото obozrevatel.com сайтынан алынды

Украинаның әскери-теңіз күшіне тиесілі жалғыз сүңгуір қайық Ресей Қаратеңіз флотының құрамына өтті. Россия-24 телеарнасы атап өткеніндей наурыздың 22-і күні "Запорожье" қайығының үстінде Андреев туы көтерілген. Алайда ол сүңгуір қайықтың ресейлік әскер құрамына қалай кіргендігі, қандай жағдайда өткендігі белгісіз күйінде қалып отыр. Украиндық БАҚ хабарлағанындай, әлгі қайықты ресейлік әскерилер шулы гранаттарды қолдану арқылы басып алған. Бұл туралы Корреспонтент.net басылымы жазды. Ресейлік БАҚ керісінше, ешқандай да басып алу әрекеті болмағанын, оны сол қайықтың бірінші рангтегі командир-капитаны Роберт Шагеевтің өзі бере салғанын, бұл украиндық әскерилерге Ресей қарулы күштерінің құрамына кіріңдер, болмаса жұмыстан кету туралы арыз жазып, жартылай аралды тастап кетіңдер деп ұсыныс айтылғаннан кейін орын алған. Бұл процесс кезінде кісі шығыны немесе адамдардың жарақат алғандығы туралы мәлімет жоқ. УНН порталының мәлімдеуінше, "Запорожье" экипажының бір бөлігі Ресейге қызмет етуге дайын екендіктерін білдірсе, ал қалған бөлігінің әскерилері, сүңгуір қайықтың капитанынан бастап, қайықты тастап шыққан. Ресей қорғаныс министрлігі хабарлағандай, сенбі күнгі мәлімет бойынша, Қырымдағы Украинаның Әскери-теңіз күшіне тиесілі 67 кеме мен қайықтың 54-інің үстінен Андреев туы көтерілген екен. Украиндық БАҚ хабарлауынша, осы кезге дейін "Тернополь", "Хмельницкий", "Луцк" пен "Винница" Ресей қарауына өтіп кеткен.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram