Алакөлге саяхат: көлге бару жолдары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Жазда Алакөлге ұшатын қосымша әуе рейстері іске қосылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жазда Алакөлге ұшатын қосымша әуе рейстері іске қосылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұл туралы көлік министрлігі мәлімдеді. Қазақстан азаматтары мен туристер Алакөлге ұшақ, пойыз немесе автокөлікпен жете алады.

Алакөлге баратын пойыздар

Жазда Алакөл курорттық аймағына 13 пойыз қатынайды, оның 4-еуі - жыл бойы жүретін бағыттар, ал 9-ы - маусымдық қосымша рейстер.

Алматы – Алакөл бағыттары:

  • № 207/208 Алматы-2 – Жаланашкөл (аптасына 2 рет);
  • № 221/222 Алматы-2 – Достық (аптасына 3 рет);
  • № 211/212 Алматы-2 – Достық (маусым-шілдеде тақ күндері, тамызда жұп күндері);
  • № 337/338 Алматы-2 – Достық (аптасына 3 рет);
  • № 21/6941/6942/22 Алматы-1 – Достық (жұп күндері).

Астана – Алакөл бағыттары:

  • № 54/53 Нұрлы жол – Достық (аптасына 2 рет);
  • № 254/253 Нұрлы жол – Достық (аптасына 2 рет);
  • № 122/6942/6941/121 Нұрлы жол – Семей (жұп күндері).

Басқа бағыттар:

  • № 31/6942/6941/32 Павлодар – Достық (жұп күндері);
  • № 21/6942/6941/22 Қызылорда – Достық (тақ күндері);
  • № 457/458 Семей – Достық (тақ күндері);
  • № 459/460 Өскемен – Достық (тақ күндері);
  • № 6941/6942 Ақтоғай – Достық (күн сайын).

Алакөлге ұшатын рейстер

2025 жылдың 1 маусымынан бастап SCAT әуекомпаниясы Алакөл маңындағы Үржарға субсидияланған рейстерді бастайды. Астана мен Үржар, сондай-ақ Алматы мен Үржар арасында аптасына 6 рейс орындалады.

  • Астана – Үржар бағыты бойынша бір жаққа билет бағасы – 16 000 теңге,
  • Алматы – Үржар бағыты бойынша – 14 000 теңге.

Сонымен қатар, жазғы маусымда Үшаралға субсидияланған әуе рейстерін іске қосу мәселесі қарастырылып жатыр.

Алакөлге көлікпен бару

Министрлік мәліметінше, Алакөлге жету Талдықорған – Өскемен автожолы арқылы жүзеге асады (768 км).

  • Оңтүстіктен, Жетісу облысы жағынан - жол Үшарал арқылы өтіп, Үшарал – Достық бағытымен (180 км) көлдің оңтүстік жағалауын бойлай өтеді.
  • Солтүстіктен, Абай облысынан - Таскескен – Бақты жолымен Маканшы ауылына дейін (133 км), әрі қарай Маканшы – Жаланашкөл бағытымен көлдің солтүстік жағалауына жетуге болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная