ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қараша 2021 | 11:39
Алматылық химик-тиктокер жақсы мұғалім қандай болуы керегін айтты
Химия пәнінің мұғалімі алматылық Ұлан Үсенов TikTok желісінде құбылыстар мен формулаларды ерекше әдіспен түсіндіретін видеоларының арқасында танымал болды. Ол Tengrinews.kz порталындағы "Оnline мектеп" жобасы аясында жақсы мұғалім қандай болуы керегін айтты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Химия пәнінің мұғалімі алматылық Ұлан Үсенов TikTok желісінде құбылыстар мен формулаларды ерекше әдіспен түсіндіретін видеоларының арқасында танымал болды. Ол Tengrinews.kz порталындағы "Оnline мектеп" жобасы аясында жақсы мұғалім қандай болуы керегін айтты.
Ұлан Үсенов TikTok-қа алғаш видеоларын 2020 жылы локдаун кезінде жариялап бастаған. Бір жыл ішінде оның парақшасына миллионға жуық адам жазылған. Қазір мұғалім өзінің оқу өнімін жасап жатқандықтан, аптасына бір-екі видео түсіреді.
Ол бастапқыда видеолары әйгілі "Наруто" анимесіне негізделгенін айтады, бірақ кейін TikTok-та танымал әндердің сөздерін өңдеп, химиялық процестер мен құбылыстарды түсіндіретін видеолар жасай бастаған.
@wannabeteacher #творческаямагия #летовнауке ♬ оригинальный звук - Твой Учитель Химии
"Сөздерін өзгертіп, соған сәйкес видеолар тізбегін саламын. Кітаптан оқып түсіндіргендей қылып емес, музыка форматында көруге қызық болатындай етіп жасаймын. Нәтижесінде, оны көріп отырып, бір минут қалай өтіп кеткенін байқамай қаласың. Көп жағдайда танымал әндерді таңдаймын, сондықтан жұрт қайта қарап, сөздерін есте сақтайды, сол арқылы химияны үйренеді", - дейді Ұлан Үсенов.
Ол бұл тәсіл оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын арттырғанын жасырмайды. Оқушылардың химия пәнін оқуға деген ынтасы артып, балалар көбірек сұрақ қоя бастаған. Бірақ мұғалім сабақта оқушылармен өзін салмақты ұстайтынын баса айтты. Ал ТiкТоk-тағы видеолар оқушыларға тақырыпты түсінуіне және үй тапсырмасын орындауына көмектеседі.
"Сабақта көбіне топтасып жұмыс істейміз. Біз әрқашан балаларды топтасып жұмыс істеуге үйретеміз, ешқандай жұмыс жеке орындалмайды. Біз тек академиялық білімге ғана емес, өмірде пайдалы болатын дағдыларға да баса назар аударамыз. Ойын әдістерін қолданамыз. Мысалы, зеріктіретін тесттер орнына Kahoot, Gemkit, Plickers, Quizlet сияқты нұсқалар бар. Бұл - оқушы материалды қаншалықты меңгергенін тексеруге арналған ресурстар. Сол жерге сұрақтар мен жауаптарды жазып, балаларға бересің. Ал олар жарысып, қолынан не келетінін, үйренгенін көрсетуге тырысады", - дейді химия пәнінің мұғалімі.
"Ең бастысы - сыныпта оқушы өзін қызықтыратын сұрақты қоюдан қорықпайтын атмосфера құру. Бұл үшін әзілдер қажет. Мен олардың әзілдерін, анимеге деген сүйіспеншілігін түсінемін деп айта аламын. Ең бастысы - балалар мұғаліммен арасындағы үлкен айырмашылықты сезінбей, сұрақ қоюдан қорықпауы", - деп баса айтты Ұлан Үсенов.
"Қазақстанның 100 жаңа есімі" тізіміне енген мұғалім оқытушыларға үнемі жетілу маңызды екенін еске салды.
"Мұғалім жетілуге міндетті, өйткені сәт сайын жаңа бала келеді. Жыл сайын жас буын келеді. Тақырып өзгермейді, балалар өзгереді. 15 жыл тәжірибесі бар мұғалім 12 жыл бұрын бір тақырыпты бір тәсілмен түсіндірсе, қазіргі балалар сол тәсілмен ештеңе түсінбейді. Оларға басқаша түсіндіру керек, өйткені кейбір тәсіл ескірген. Ал сіз мұғалім ретінде үнемі жетіліп отыруыңыз керек. Көп мамандық секілді мұғалім де бір орында тұрып қалса, мұғалім ретінде өлгені", - деп атап өтті Үсенов.
@wannabeteacher♬ оригинальный звук - Hina Soul
Ол пандемия әртүрлі әдіс қолдануды және басқа параллельдер табуды үйрену керегін көрсеткенін айтады. Мұғалім әрқашан мысал келтірумен жұмыс істейді. "Мысалы, бұрын балаларға "соданы сірке суымен өшіреміз" деп түсіндіретін. Қазіргі балалар осылай істеуге болатынын түсінбейді. Олар аккумуляторларды бөлшектемеді, карбид не екенін білмейді", - дейді химия мұғалімі.
Оның айтуынша, балалар онлайн оқуға көшкенде, сабақ түсіндіру одан сайын қиындаған. Себебі зейін, бір орында тұру және өзін-өзі ұстау проблемаға айналған.
"Көптеген тақырыпты басқаша түсіндіруге болады. Менделеев кестесін алайық. Оны барлық мектепте мұғалім шамамен бірдей түсіндіреді: бұл блоктар, топтар, периодтар және т.б. Бірақ, мысалы, әйелім екеуміз (ол да химия пәнінің мұғалімі) үстел ойынын жасадық. Онда алаң мен Менделеев кестесі бар. Осы ойынды ойнаған бала мұғалімнің сөзінсіз кесте қалай жұмыс істейтінін түсінеді. Оның қазір соңғы кезеңі қалды, суретшілер дизайнын аяқтап жатыр", - деді химик.
Ол оқу процесі қызық және есте қаларлық болуы керегін атап өтті. "Біз кітаппен оқығандай емес. Біз қиналып үйрендік қой. Қазіргі балалар олай істей алмайды. Мұны біреу жасауы керек. Ал мен оны мүмкіндігімше жасаймын", - деді шығармашыл мұғалім.
@wannabeteacher Индивидуальный подход к детям я вижу как-то так...) #школа #учитель #химия #наруто ♬ Aesthetic - Xilo
Tengrinews.kz "Online мектеп" жобасын "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірге жүзеге асырып жатыр. Оның аясында сайтта білім беру мен психология саласындағы мамандармен онлайн оқыту ерекшеліктері тақырыбында материалдар жарияланады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также