15 қараша 2021 | 11:16

"Балалар мен мұғалімдерге үш есе көп күш түсіп жатыр" - педагог қашықтан оқыту нәтижелері туралы

Мәжбүрлі қашықтан оқудан кейін оқушылардың үлгерімі айтарлықтай нашарлап кеткен. Бұл туралы Күләш Байсейітова атындағы музыкалық мамандандырылған мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің 22 жылдық тәжірибесі бар мұғалімі Әлия Қошқарбаева Tengrinews.kz порталының "Оnline мектеп" жобасы аясында ойын бөлісті.  

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжбүрлі қашықтан оқудан кейін оқушылардың үлгерімі айтарлықтай нашарлап кеткен. Бұл туралы Күләш Байсейітова атындағы музыкалық мамандандырылған мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің 22 жылдық тәжірибесі бар мұғалімі Әлия Қошқарбаева Tengrinews.kz порталының "Оnline мектеп" жобасы аясында ойын бөлісті.  

Педагог онлайн оқытудың артықшылықтары мен кемшілігін айтты. Оның сөзінше, мұғалімдер үшін қашықтан оқыту жаңа компьютерлік дағдылар мен оқыту платформаларын игеруде оңынан болды.  

"Біз бүгінгі таңда мұғалімдерге қажет барлық құралды, компьютерлік технологиялар мен оқыту платформаларын пайдалану дағдыларын меңгердік. Бұл өте жақсы ой, жақсы бастама. Қазір офлайн режимге көшсек те, әлі осы үйренгенімізді қолданып келеміз. Мен балаға WhatsApp-та да, оқу платформасында да қосымша материал ретінде тапсырма бере аламын. Оған бір нәрсе түсініксіз болса, сабақтың барлық жазбасын Teams-ке (Microsoft Teams - жұмыс кеңістігіндегі чат, кездесулер, жазбалар мен тіркемелерді біріктіретін корпоратив платформа. - Автор.) кіріп, көре алады, онда бәрі жазылған. Өте ыңғайлы", - дейді мұғалім.

Реклама
Реклама

© Tengrinews.kz

Педагогтің айтуынша, балалар да осы бағдарламаларды қолдануды үйреніп алды. "Олар қазір қалай жұмыс істеу керегін, қайда кіріп, қайда тіркелу, үй тапсырмасын қайда жіберу керегін біледі. Презентация жасауды, PowerPoint-пен жұмыс істеуді үйренді, жобалар жасай бастады. Бұл балалар үшін жақсы әрі қажетті дағдылар", - деді мұғалім.

Алайда, Қошқарбаеваның пікірінше, оқушылар білімінде үлкен қиындықтар пайда болды. 

"Біріншіден, қазір бейімделу кезеңі жүріп жатыр. Бізде балалар салыстырмалы түрде ауызшаны жақсы меңгерсе, жазбаша жағы көбінде ақсап тұр. Біздің пәндер көбіне жазбаша. Жазбаша деген не? Бұл ішкі толғаныс, баланың интеллекті, оның ойлары. Ол қалай жазса, солай ойлайды. Қазіргі балалар жазбайды, жазғанның өзінде қиналады. Барлығы ондай демеймін, жоғарғы сыныптағылар тез бейімделіп кетті. Себебі олар 5-6-сыныптарда оқыған. Маған келген 5-6-сынып оқушыларды тіпті кейбір бас әріп қалай жазылатынын білмейді", - дейді мұғалім.

Әлия Қошқарбаева шығарма жазу мен мәтінге талдау жасау бойынша жағдай одан да нашар екенін айтты. Балалар бастауыш сыныптарда үйреткен терминологияны да түсінбейді. 

Көп жылдық тәжірибесі бар мұғалімнің пікірінше, онлайн оқудың тағы бір кемшілігі - үйде балалар өздігінен сабақ жасай алмай қалды. "Себебі үйде оларға анасы, әкесі, ата-әжесі көмектесті. Ал қазір олар көмексіз қалды, білім жоқ, анасы сыныпта жоқ", - дейді Қошқарбаева.

© Tengrinews.kz

Оның пікірінше, қазір мұғалімдер үшін де, студенттер үшін де қиын кезең.

"Өткен жылдың материалын түсіндіріп, оған осы жылдың материалын қосу керек. Баланың миына сан-алуан ақпарат түсіп жатыр. Оны қорыту өте қиын, ал бақылауды жазу керек. Мен, мысалы, өткен бағдарламаны алып, материалды қайта бастай алмаймын ғой. Қазір мұғалімдерге де, балаларға да екі есе, тіпті үш есе күш түсіп жатыр. Олар мұның бәрін түсініп, түйсігіне түюі керек қой. Бұл өте қиын", - деді орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

"Сондықтан қазір ата-аналардың өтініші бойынша онлайн оқуды жалғастырып жатқан балалар мүлдем нашарлап кетеді деп қорқамын. Себебі қашықтан оқып жатқан балалар мен қазір мектепте отырғандар арасында үлкен айырмашылық бар", - деді Қошқарбаева.

Ол балалардың білімдегі олқылықтарын толтыру үшін қанша уақыт қажет екені туралы сұраққа, мұның бәрі балаға байланысты екенін айтты. "Бала мотивацияланған, дербес болса, бейімделді деген сөз. Ал ол өздігінен оқи алмаса, жыл соңына дейін солай жалғасады", - дейді педагог.

Оның мәліметінше, сыныптардағы үлгерім айтарлықтай төмендеген. "Бұрын балалардың 80-70 пайызында үлгерім жоғары болса, қазір 60-70 пайызға түскен. Әсіресе жазу бойынша: грамматика, орфография. Қазір менде 70 пайыз бала үш алады. Әсіресе 5-6-сыныптардың жазба жұмыстарында. 7-8-сыныптар салыстырмалы түнде сәл жақсырақ. Бірақ жазу және талдау дағдысы әлі де төмендеу", - деді мұғалім. Оның пікірінше, мысалы, бесінші сынып оқушылары кешегі үшінші сынып сияқты. Себебі онлайндағы бір жыл олар үшін "қас қағым сәтте" өтіп кетті.

© Tengrinews.kz

Оның айтуынша, онлайн форматта кері байланыс болмағандықтан және Zoom конференциясында бүкіл сыныпты бақылау мүмкін болмаған соң мұғалімдерге қиынға соққан.   

"Олар экран алдында отырса да, телефонын камерадан көрінбейтін жерге қойып қояды. Мен олардың телефонға үңіліп отыратынын байқаймын. (...) Арғы жағында әжелері көмектесіп, кішкентайлар пәтерде жүгіріп жүреді, жалпы онлайндағы жағдай мәз емес", - деді орыс тілі мұғалімі.

"Онлайн емес, қашықтан оқыту болса, басқа мәселе. Бұл мотивацияланған ересектер мен өз еркімен қадам жасай алатын адамдар үшін. Белгілі бір тапсырмалар берілген кезде, адам не қалайтынын, не үшін осы курсты төлегенін біледі. Бірақ мектептегі онлайн оқу - мәселенің шешімі емес. Сондықтан жұмыс сәтсіз жүреді. Біз балалармен де, ата-аналармен де жұмыс істейміз. Офлайн кезде, компьютер алдында отырған уақытқа қарағанда әлдеқайда көп іс бітіруге үлгереміз. Мысалы, мен компьютерден көбірек шаршаймын. Тәулік бойы компьютер алдында отырғаннан көру қабілетің де төмендейді. Сондықтан, әрине, кемшіліктер көбірек", - деп қорытындылады мұғалім.

Tengrinews.kz "Online мектеп" жобасын "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірге жүзеге асырып жатыр. Оның аясында сайтта білім беру мен психология саласындағы мамандармен онлайн оқыту ерекшеліктері тақырыбында материалдар жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная