ПОДЕЛИТЬСЯ
19 желтоқсан 2019 | 11:30
2025 жылға дейін елімізде 800-ге жуық жаңа мектеп салынады
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен кезеңде қол жеткізілген нәтижелер және жаңа Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары туралы, Көкшетау қаласындағы АТ мектеп-лицейінің директоры А. Балташева педагогикалық қауымдастықтың позициясы туралы баяндады.
3 жылда Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға 1 триллион 466 миллион теңге бөлінді. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 1728 бірлікке ұлғайтылды, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқытумен қамту 98 пайызға дейін артты. 1-10 сынып оқушылары (95,4 пайыз) жаңартылған мазмұнға көшті. 273 мың мұғалім (94 пайыз) жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқытылып, 30 пайыз мөлшерінде үстемеақы алуда. Аттестациядан өткен 123 мыңнан астам мұғалім қосымша төлемдерді 30-дан 50 пайызға дейін алады.
437 мемлекеттік және 80 жекеменшік мектеп жан басына қаржыландыруға көшті. 372 жаңа мектеп салынды. Тәжірибелік-құрастырымдық әзірлемелер бойынша шығындар 1,6 пайызға, ҒЗТҚЖ-ға жұмсалатын бизнес шығындарының үлесі 6,6 пайызға, коммерцияландырылған жобалардың үлесі 2,8 пайызға өсті.
"Білім беруді дамыту ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бағытының басты басымдықтарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында білім сапасын одан әрі жақсартуға, қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға және педагогтердің мәртебесін арттыруға ерекше назар аударды", - деді Үкімет басшысы.
Үкімет басшысы Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында, жаңа Мемлекеттік бағдарлама аясында 2020 жылдан бастап, төрт жыл ішінде педагогтердің жалақысын 2 есеге кезең-кезеңімен арттыру жоспарланғанын атап өтті. Сонымен бірге, балалар балабақшалармен 100 пайыз қамтамасыз етіледі, үш ауысымда оқыту және апатты жағдайдағы мектептер толығымен жойылады.
"Қазақстан PISA-ның - оқушылардың функционалдық сауаттылығының әлемдік рейтингісінің ТОР-40-на кіруді жоспарлап отыр. Барлық мектептер жаңа модификациядағы пән кабинеттерімен жабдықталады", - деді Мамин.
2025 жылға дейін елімізде 800-ге жуық жаңа мектеп салынады. Тірек елді мекендерде 114 интернат салынады.
Премьер-министр инвесторлар үшін білім беру саласының өсіп келе жатқан тартымдылығының маңыздылығын атап өтті. Алдағы 5 жылда салаға 11,5 триллион теңге бағытталады, оның ішінде 1,3 триллион жеке инвестициялар тартылады. Бұл жеке инвесторлар есебінен 150 мың орынға қосымша мектептер салуға мүмкіндік береді.
"Ел экономикасы үшін ғылымның нәтижелігін арттыру үшін ғылыми-зерттеу қызметі жетілдіріліп, ғылымға жұмсалатын шығындар көбейтіледі. Білім беруді қаржыландыру ЖІӨ-нің 7 пайыз деңгейін құрайды", - деді Мамин.
Үкімет басшысы Білім және ғылым министрлігіне жыл басынан бағдарламаның іске қосылуын және көздеген көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.
Показать комментарии
Читайте также