25 маусым 2019 10:50

4 түлек ҰБТ кезінде аудиториядан шығарылды

© Тұрар Қазанғапов

4 адам тестілеу аудиторияларынан шығарылды. Бұл туралы ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Біз барынша тестілеуге қатыстырмауға немесе аудиториядан шығармауға тырысамыз. Тестілеу кезінде талапкерлер тарапынан жіберілген өрескел бұзушылықтар үшін тек төрт адам ғана шығарылды. Қалғандарынан тек тыйым салынған заттар тәркіленді", - деді Әділет Тойбаев.

Реклама
Реклама

ҰБТ-ның бірінші күні 3 500 түлек межеден аса алмады. Айта кетейік, 20 маусымда Қазақстанда ҰБТ басталды. ҰБТ 20-30 маусым арасында өтеді. Биыл тестілеуге 117 242 адам қатысады. Нұр-Сұлтанда олардың саны - 6 274.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram