Адамға дерт дарымайтын заман алыс емес - Ғалымдар

Иллюстрациялық сурет © Digital Dealer

Халы?аралы? Genome Project ?ылыми-зерттеу жобасыны? жетекші ?алымдары 10 жылдан кейін вирус, ?атерлі ісік, ?артаю, радиация мен ?сікке бой алдырмайтын жасушалар жасалуы м?мкін екенін м?лімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Халықаралық Genome Project ғылыми-зерттеу жобасының жетекші ғалымдары 10 жылдан кейін вирус, қатерлі ісік, қартаю, радиация мен үсікке бой алдырмайтын жасушалар жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Ғалымдар мұндай пайымға ішек таяқшасы бактерияларының жасушасына жүргізген тәжірибе сүйеу болып отырғанын айтады. Мамандардың сөзінше, бактерияның геномына 321 өзгеріс жасалғаннан кейін жасуша вирусқа төзімділік танытқан. 

Алайда генетиктер адам геномына мұндай бағдарлама енгізу үшін ұзақ уақыт қажет екенін айтады. "Адам геніндегі әрбір ақуызды қайта бағдарламалау шамамен 400 мың өзгерісті қажет етеді", - дейді Гарвард медицина мектебінің профессоры Джорд Черч. Сонымен бірге, ол адамның 20 мың геномынан артық кодондарды (генетикалық код бірліктері - автор.) алып тастау керектігін айтады. 

Реклама
Реклама

Дегенмен ғалымдар алдағы он жылда оң нәтижеге қолжеткізуге болатынын хабарлап отыр. Оның үстіне адам геномын радиация, қартаю, мен үсікке бой алдырмайтындай, сонымен бірге қатерлі ісік қаупін төмендететіндей бағдарламалауға болатынын айтты. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама