Айдың ХХІ ғасырда ең ұзақ тұтылуының суреттері мен видеоларын әлеуметтік желі қолданушылары таратып жатыр, деп хабарлады РИА Новости.
Бұл құбылысты Еуропа, Азия, Австралия және Оңтүстік Америка тұрғындары тамашалады.
ҚР Қорғаныс министрлігінің Аэроғарыш комитетінің хабарлауынша, шілденің аяғында Марстың қарсылық көрсетуі басталады. Ұлы қарсыласу араға 15 немесе 17 жыл салып өтеді. Осыған дейінгісі 2003 жылы болған еді, ал келесі қарсыласу 2035 жылы болады.