ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қыркүйек 2019 | 12:29
Ақтөбеде 34 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген
Ақтөбеде 34 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"облыстық прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ЖОО мұғалімдердің диплом алғандарын растамады.

34 мұғалімнің 13-і балабақшада, 11-і орта мектептерде, 7-еуі колледждерде, 3-еуі қалған білім ордаларында жұмыс істейді.
Бес мұғалім музыка колледжінде «фортепиано» мамандығы бойынша жоғары білім дипломдарымен сабақ беріп жүр. Алайда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде мұндай мамандықпен түлектер даярланбаған.
Жалған құжаттарды пайдаланған адамдарды жауапкершілікке тарту және жалған құжаттарды әзірлеген адамдарды анықтау үшін материал ішкі істер органдарына жолданды.
Ақтөбе қаласының әкімі және білім басқармасының атына заңсыздықты жою туралы ұсыныс жасалды.
Показать комментарии
Читайте также