16 маусым 2019 | 11:11

Ақтөбеде 500-ден аса жас түлек "Алтын белгі" иегері атанды

Ақтөбеде ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ алаңында "Алтын белгі" иегерлерін марапаттау салтанатты шарасы өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ алаңында "Алтын белгі" иегерлерін марапаттау салтанатты шарасы өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Реклама
Реклама

Жас түлектерді облыс әкімі құттықтап, "Жас түлек" фестивалінің бағдарламасы бойынша халықаралық олимпиадалар мен түрлі байқауларда жеңімпаз атанған үздік 16 түлекті марапаттады. Олардың ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған екі алтын белгі  иегеріне 500 мың теңгеден, сондай-ақ, үш "Үздік аттестат" иегеріне 300 мың теңгенің сертификатын табыстады.

"Халқымызда "Мектеп - кеме, білім - теңіз" - деген жақсы сөз бар. Білім айдынында ескегі мықты жан ғана өз дегеніне жетпек.Болашақта мәңгілік елдің бір кірпіші болып қалануларыңызға шын жүректен тілектеспін" - деді аймақ басшысы.

Биылғы жылы әрбір "Алтын белгі" иегеріне облыс әкімінің атынан құттықтау хат  пен арнайы сыйлық - қолсағат табысталды. Ақтөбе облысының "100 жаңа есім" жобасына енген ардагерлер, танымал тұлғалар қалған "Алтын белгі" иегерлерін марапаттау рәсімін жалғастырды. Салтанатты шара соңында жас түлектердің құрметіне арнайы шақырылған жас әнші Әбдіжаппар Әлқожа әннен шашу шашып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная