ПОДЕЛИТЬСЯ
11 маусым 2019 | 12:55
Ақтөбеде мектеп директорлары бірінші қабатқа көшті
"Ақтөбе-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ұсынысымен облыста 279 мектеп директоры кабинеттерін ауыстырды, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Ақтөбе-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ұсынысымен облыста 279 мектеп директоры кабинеттерін ауыстырды, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".
"Ақтөбе-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Мұхтарита Сағындықова бес айда жасалған жұмыстарды баяндады.
"Жобалық кеңсесінің маңызды құралдарының бірі - азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы белсенді ынтымақтастық. Өзара байланыс жобалық менеджмент идеологиясына негізделген, яғни күнделікті еңбектің тиімділігі мен нәтижелілігі болып табылады. Жыл басынан бері халықтың көп наразылығы туындайтын білім және денсаулық саласына көп басымдық бердік. Қаладағы 80 мектептің басшылары дербес жауапкершілік құжатына қол қойды. Дәл осындай құжатқа 259 мемлекеттік органның басшыларының қол қоюы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, бірінші басшылардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыстағы 399 мектептің 279-ында басшылардың кабинеті бірінші қабаттағы кішігірім кабинеттерге түсіріліп, олардың үлкен кабинеттері оқу бөлмелеріне беру жұмыстары жүргізілді. Бұл білім ордаларының 70 пайызы", - дейді Мұхтарита Сағындықова.
Басшының айтуынша, қалған мектептермен басшылардың бірінші қабатта отыруына қатысты ұсыныс жасау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өңірде жобалық кеңсенің араласуымен бас дәрігерлер де кабинеттерін өзгерткен. Қаламыздағы №2 емхана мен облыстық балалар ауруханасының басшылығы бірінші қабаттағы ашық терезе кабинеттеріне көшкен.
Показать комментарии
Читайте также