Алғаш рет жасанды интеллект мәтінді түсінуден адамнан басып озды

Иллюстрациялық сурет. © Tehnot

Интернет-коммерция саласында?ы алыптарды? бірі ?ытайлы? Alibaba Group о?ы?ан материалды т?сіну т?р?ысынан адамнан асып т?скен жасанды интеллект жасап шы?арды, - деп хабарлайды ТАСС порталы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. 

Интернет-коммерция саласындағы алыптардың бірі қытайлық Alibaba Group оқыған материалды түсіну тұрғысынан адамнан асып түскен жасанды интеллект жасап шығарды, - деп хабарлайды ТАСС порталы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, Стэнфорд университетінде жасалған сынақ - машинаның оқығанды түсінуін бағалайтын ең белгілі әдісі. Оған "Уикипедиядағы" 500 мақаладан алынған 100 мың сұрақ кірген.  

Зерттеу қорытындысы бойынша, жасанды интеллект мәтінді 82,4 пайызға, ал онымен бәсекелескен адам 82,3 пайызға түсінген. Alibaba өкілдері бұл машинаның адамнан асып түскен алғашқы жағдай екенін мәлімдеді. Ал бір күн кейін жүргізген тест қорытындысы бойынша, Microsoft компаниясы жасап шығарған жасанды интеллект 82,7 пайыз көрсеткен. 

Реклама
Реклама

Жасанды интеллект дегеніміз адам салған бағдарлама аясында ғана емес, өзін үйрете алатын және бағдарламаға енбеген әрекеттерді жасай алатын күрделі жүйе.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама