АҚШ математиктері геофизиканың басты есебін шешкенін мәлімдеді

© mysleuporjadochivatel.blogspot.com

А?Ш-ты? Стэнфорд университетіні? математик ?алымы Андраш Васи сейсмология саласында?ы е? ма?ыздылырды? бірі болып саналатын ?ш ?лшемді кері кинематикалы? есебіні? шешімі табыл?анын м?лімдеді. ?алым екі ?ріптесімен біріге жаса?ан е?бегін Лондонны? университет колледжінде ?ткен ?ылыми семинар кезінде таныстырды, - деп жазады Nature News.

АҚШ-тың Стэнфорд университетінің математик ғалымы Андраш Васи сейсмология саласындағы ең маңыздылырдың бірі болып саналатын үш өлшемді кері кинематикалық есебінің шешімі табылғанын мәлімдеді. Ғалым екі әріптесімен біріге жасаған еңбегін Лондонның университет колледжінде өткен ғылыми семинар кезінде таныстырды, - деп жазады Nature News.

Ғалымдар өз зерттеуін жақын арада arXiv.org электронды басылымдар кітапханасында жарияламақ. Васидің сөзінше, қазіргі кезде 50 беттік құжатты бірнеше сарапшы зерттеуге алған. Егер сарапшылар пікірі оң болса, зерттеу басқа да басылымдарда жарық көреді.

Бұл есептің шешімі геофизика, соның ішінде сейсмология үшін өте маңызды делінеді. Басты есептің шешімі Жердің ішкі құрылымын (литосфера, мантия қабаты мен жер өзегін) дәлірек зерттеуге мүмкіндік береді. Ал Хьюстондағы Райс университетінің сейсмолог ғалымы Маартен де Хооп бұл шешім қазіргі тәсілдер мен көріністерді түбегейлі өткізбейтінін, дегенмен, Исландия мен Гавай аралдары астындағы мантиялық ыстық ағымдардың неден пайда болатынын нақтылауға мүмкіндік беретінін айтады. 

Реклама
Реклама

Үш өлшемді кері кинематикалық есебі ғалымдарды бір ғасырдан астам уақыт мазалап келеді. Қазіргі уақыттағы көптеген ғылыми жұмыстар бұл есептің арнайы екі өлшемді бөліктеріне ғана арналған. Мәселен, Васимен бірге осы еңбекті жазған Вашингтон штаты университетінің математигі Гюнтер Ульман бұл есеппен 1990 жылдан бері айналысып келеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама