Ақтөбеде 34 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

Ақтөбеде 34 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"облыстық прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ЖОО мұғалімдердің диплом алғандарын растамады.

Ақтөбеде 34 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"облыстық прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ЖОО мұғалімдердің диплом алғандарын растамады.

34 мұғалімнің 13-і балабақшада, 11-і орта мектептерде, 7-еуі колледждерде, 3-еуі қалған білім ордаларында жұмыс істейді.

Бес мұғалім музыка колледжінде «фортепиано» мамандығы бойынша жоғары білім дипломдарымен сабақ беріп жүр. Алайда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде мұндай мамандықпен түлектер даярланбаған.

Реклама
Реклама

Жалған құжаттарды пайдаланған адамдарды жауапкершілікке тарту және жалған құжаттарды әзірлеген адамдарды анықтау үшін материал ішкі істер органдарына жолданды.

Ақтөбе қаласының әкімі және білім басқармасының атына заңсыздықты жою туралы ұсыныс жасалды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама