25 мамыр 2022 11:57

Аргентинада автобустай болатын алып тіршілік иесінің қаңқасы табылды

©REUTERS

Аргентинада автобустай болатын алып ұшатын рептилия қалдықтары табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аргентинада автобустай болатын алып ұшатын рептилия қалдықтары табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Аргентина ғалымдары 86 миллион жыл бұрын динозаврлармен бірге өмір сүрген "өлім айдаһары" деп аталатын үлкен ұшатын бауырымен жорғалаушылардың жаңа түрін тапты.

Ежелгі ұшатын рептилия немесе птерозаврдың жаңа түрінің қанаттары шамамен 9 метр болған. Зерттеушілер бұл бауырымен жорғалаушылар біздің заманымызға дейін құстардан бұрын өмір сүрген, олар жер бетінде аң аулау үшін қанаттарын қолданған алғашқы тіршілік иелерінің бірі дейді.

Реклама
Реклама

©REUTERS

Палеонтологтар тобы қалдықтарды Аргентина батысындағы Мендоса провинциясындағы Анд тауларынан тапқан. Олар бауырымен жорғалаушылардың қалдықтары сақталған жартастар 86 миллион жыл бұрын пайда болғанын және бұл бор кезеңіне жататынын анықтады.

Жоба жетекшісі Леонардо Ортистің сөзінше, мұндай қазбалар бұрын-соңды табылып көрмеген, сондықтан бұл түрге жаңа атау берілді - Thanatosdrakon Amaru. Оның пікірінше, бұл атау өте жақсы қойылған, өйткені рептилия қорқынышты болуы керек еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram