Археологтар алып адамдардың тұрағын тапқанын жария етті

Археологтар алып адамдардың тұрағын тапқанын жария етті © РИА Новости/Эмма Зиливинская

?ытай археологтары жер бетінде бес мы? жылдай б?рын ?мір с?рген делінген алып адамдарды? с?йектерін тапты? деп жар салды, - деп хабарлайды "Чжунго синьвэньван".

Қытай археологтары жер бетінде бес мың жылдай бұрын өмір сүрген делінген алып адамдардың сүйектерін таптық деп жар салды, - деп хабарлайды "Чжунго синьвэньван".

Зерттеушілердің пікірінше, табылған сүйектер Хуанхэ бойын мекен еткен неолит дәуірінің адамдарына тән. 

Ғалымдардың мәліметі бойынша, тірі кезінде бұл адамдардың бойы табылған сүйектердің ұзындығынан (1,9 метр) биік болған. Бұл адамдардың азықтары мол болғандықтан осындай ірілікке жеткен екен. Бұл адамдардар қолайлы жағдайда өмір сүрген екен. Өйткені олардың тұрған үйлерінде жатар бөлме мен өзге де мақсатқа пайдаланылған бөлмелер болған делінеді. 

Реклама
Реклама

Бұл қазбалар Цзинань қаласының орнында жасалып жатқан археологиялық жұмыстар кезінде табылған. Осы уақытқа дейін ғалымдар жүздей ғимарат, екі жүздей көмбе мен жиырмаға жуық құрбандық орнын тапқан. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама