15 қыркүйек 2019 17:04

Арыс қаласында робототехника кабинеті бар мектеп жұмыс істеп жатыр

Арыс қалыпты өмірге оралды. Тұрғындар болашаққа сеніммен қарай бастаған. Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы Арыстың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында арнайы ақпараттық тур ұйымдастырды, - деп хабарлайды "Отырар"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыс қалыпты өмірге оралды. Тұрғындар болашаққа сеніммен қарай бастаған. Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы Арыстың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында арнайы ақпараттық тур ұйымдастырды, - деп хабарлайды "Отырар"

Төтенше жағдайдан кейінгі 81 күнде қала толықтай өзгеріп, жасара, жайнай түскен. Жарылыстан зақым келген ғимараттар толық жөндеуден өткен. И.Журба атындағы орта мектеп - төтенше жағдай кезінде қатты зардап шеккен әлеуметтік нысандардың бірі.

Реклама
Реклама

Қазіргі таңда аталған ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, оқушыларға білім беруде. Заманауи безендірілген нысанға демеушілер робототехника кабинетін сыйға тартқан. Ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамайтын мектеп директоры Әбдісаттар Жүнісов мектепте Абай бұрышын ашқан. Білім ордасының снаряд түсіп, зақымданған стадионы да бүгінде жаңа кейіпке енген. Спорттық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген стадион мен спорт залы да оқушыларға ерекше тарту болды. Мұнан бөлек, биология-химия, информатика, физика және т.б арнайы кабинеттері бар үш қабатты ғимараттың іші ерекше.

113 баланы аман алып қалған Гауһар Уәлиханова басқаратын "Алтын Тұмар" балабақшасы да күрделі жөндеуден өтіп, 1-6 жас аралығындағы бөбектерді тәрбиелеуде. Бұл нысанның да іші-сыртын жөндеген "Самұрық Қазына" Әл-ауқат қоры кішкентай сәбилердің ойын алаңына сапалы құрал-жабдық сыйлаған.

"Басты мақсатымыз - сәбилерді құтқару еді. Өзімді ерлік жасадым деп ойламаймын. Ұжымдағы 27 қызметкер өз отбасын емес, балабақшадағы сәбилердің амандығын ойлады", - дейді ҚР Президенті қолынан "Ерлігі үшін" медалін алған балабақша меңгерушісі.

Атап өтейік, Арыста 66 әлеуметтік нысан болса, соның 62-і жөндеуден өтіп, 4 нысан толықтай қайта салынған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram