ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 27 мамыр 2016 16:19
Астанада келесі жылы 13 миллион долларға араб мектебі ашылады
Астанада келесі жылы 13 миллион долларға араб мектебі ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігіндегі баспасөз мәслихатында Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі Қайрат Лама Шариф хабарлады.
"Жаңа оқу жылында Астанада 900 оқушыға арналған қазақ-араб орта мектебі өз есігін ашады. Бұл білім беру мекемесі "Әбу-Даби Плаза" кешені мен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің маңында орналасады. БАӘ Президенті Халифа бен Заид Әл Нахаянның Қайырымдылық қорынан 13 миллион доллар сомасында қайтарымсыз грант есебінен салынады", - деп хабарлады Лама Шариф.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу