05 сәуір 2019 | 16:22

Ата-аналар өз балаларымен сөйлесуді доғарған - білім министрінің кеңесшісі

Иллюстрациялық фото:nvdaily.ru

Білім және ғылым министрлігінің маманы ата-аналардың өз балаларымен сөйлесуді доғарғанын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрлігінің маманы ата-аналардың өз балаларымен сөйлесуді доғарғанын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ата-аналар интернеттен балалар туралы бір нәрсе оқып немесе естіп алған соң білімдімін деп ойлайды. Ата-аналар өз балаларымен сөйлесуді доғарған. Балалардың гаджеттерден қолы тимейді. (...) Жүз мұғалімге қарағанда бір әке артық, ал бізде балаларды мектепке әкелсе сейфке әкелгендей болады: бір береді де, 11-сыныпта дамыған, тәрбиелі бала алып шыққысы келеді. Өкінішке қарай, мұндайға күнде тап боламыз", - дейді білім және ғылым министрінің кеңесшісі Майрат Тайкенова. 

Реклама
Реклама

Ол отбасылық қарым-қатынасты екі есікке теңеді. "Бірінші есік жатын бөлмеден ашылады - ата-ана шығады да, жұмысқа кетеді - сыртқы есік жабылады. Жұмыстан келеді - сыртқы есік ашылады. Шамалы сөйлеседі де, жатын бөлмеге қайта кетеді. Біз ақпараттық уақытта өмір сүріп жатырмыз, уақыт жоқ деп айтуыңызға болады. Бірақ ол сіздің балаңыз ғой", - деді ол. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная