Байқоңырдан шұжық пен тұздық ғарышқа ұшырылды

© tvzvezda.ru

Бай?о?ырдан "Прогресс МС-06" ?арыш ж?к кемесі "Союз-2.1а" зымыраны ар?ылы Халы?аралы? ?арыш станциясына ?шырылды, - деп хабарлайды РИА Новости Роскосмос ?кіліне сілтеме жасап. 

Байқоңырдан "Прогресс МС-06" ғарыш жүк кемесі "Союз-2.1а" зымыраны арқылы Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылды, - деп хабарлайды РИА Новости Роскосмос өкіліне сілтеме жасап. 

"Ғарыш кемесі уақытында ұшырылды. "Союздің" үшінші сатысындағы ғарыш жүк кемесі Мәскеу уақыты бойынша 12:29-да ажыратылады", - дейді Роскосмос өкілі. 

Қалыпты жүктен өзге кеме бортында "Энергия" ғарыш зымыраны корпорациясының студенттер мен жас ғалымдармен бірігіп дайындалған наносеріктер бар. 

Реклама
Реклама

Медик-биологиялық мәселелер институтының тамақтану бөлімінің жетекшісі Александр Агуреевтің сөзінше, ғарыш жүк кемесінің бортында су, сығылған газ бен тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің құрылғыларынан бөлек "Хрен" және "Аджика" тұздықтары, "Пармезан" дәмімен "Пиколини" шұжықтарының 10 қаптамасы және "Хамон" дәмімен 10 қаптамасы салынған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама