21 қазан 2019 | 16:16

БҒМ жетекшілерін сынаған Анар Қайырбекова ректор болды

Анар Қайырбекова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры болды. Оның тағайындалғаны туралы ақпаратты білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қажетті іріктеу талаптары мен процедуралар бар. Егер оған сәйкес келсе, онда қажетті шешімдер қабылданады. Осы жағдайда шешім қабылданды, мен оны растаймын", - деді министр ОСК баспасөз мәслихатында. 

Реклама
Реклама

Осыған дейін әкімшілік жұмыстар мен мемлекеттік сатып алу департаментінің бұрынғы директоры Анар Қайырбекова жауапты хатшы Арын Өрсариев пен вице-министр Рүстем Биғариды қызмет көрсету туралы келісімшартқа қол қою кезінде қысым көрсеткені туралы айтқан еді. 

Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова Анар Қайырбекованың айыптауларын "медиашантаж" деп атаған еді. Кейін Арын Өрсариев қызметінен босатылды. 

6 минут 10 секундтан бастап көріңіз

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram