Биыл Астанада 3,5 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

Биыл Астанада 3,5 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады ©Tengrinews.kz

2015 жылы Астана қаласының 3554 түлегі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Жалпы, 4407 оқушы мектепті тәмамдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, ҰБТ-ға қатысатын мектеп бітірушілердің ішінде 180 түлек "Алтын белгі" медаліне, 79-ы ерекше үлгідегі аттестат алуға үміткер", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, елордалық түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде, Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінде, Қазақ заң-гуманитарлық университетінде тапсырады. 5 пән бойынша өтетін тестілеу 3,5 сағатқа созылады.

Жарнама
Жарнама

Барлық мектеп бітірушілер үшін соңғы қоңырау дәстүрлі қалыпта 25 мамырда, ал түлектер кеші 20 маусымда өтеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама