13 желтоқсан 2014 10:01

Чурюмов-Герасименко кометасының алғашқы түрлі-түсті суреті жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чурюмова-Герасименко кометасы. Суретті ұсынған - ЕҒА. Чурюмова-Герасименко кометасы. Суретті ұсынған - ЕҒА.

Еуропалық ғарыш агенттігінің (ЕҒА) ғалымдары Чурюмов-Герасименко кометасының алғашқы түрлі-түсті суретін өңдеп шығарды делінген ЕҒА таратқан хабарламада.


Еуропалық ғарыш агенттігінің (ЕҒА) ғалымдары Чурюмов-Герасименко кометасының алғашқы түрлі-түсті суретін өңдеп шығарды делінген ЕҒА таратқан хабарламада.

Алдын ала болжанғандай, құйрықты жұлдыз, шынымен де бетінде біраз түс араласқанымен, бүтіндей сұр боп шықты. Бұл суретті өңдеу үшін ғалымдар қызыл, жасыл және көгілдір фильтр арқылы түсірілген бейнелерді бір-бірінің үстіне қойып, өңдеп шықты. Комета айналып тұратындықтан оны жан-жағынан суретке түсірген, сондықтан ғалымдар оны бір-бірімен сәйкестендіруі үшін біршама тер төккен. Түрлі-түсті суреттің кешігіп пайда болғанын осымен де түсіндіруге болады. 

"67P/CG қою сұр болғанымен, нақтысында ол көмірдей қап-қара" дейді Макс Планк атындағы Күн жүйесін зерттеу институтының ғалымы Хольгер Сиркс.

Қара мен ақ түс арасындағы барлық диапазонды қамту үшін суреттің реңін барынша күшейттік, сөйтіп кометаның беткі жағындағылардың барлығы көрінетіндей еттік. Алайда бұдан жұлдызды құйрықтың түсі еш өзгермеді, сұр боп қала берді.

Сондай-ақ басқа толқындарға қарағанда кометада қызыл түсті беретіні ұзындау боп шықты. Бұл Күн жүйесіндегі көптеген ұсақ денелерде де болатын белгілі құбылыс. Бірақ бұл комета адам көзіне қызыл боп көрінеді дегенді білдірмейді.

Түстерге сүйенсек, комета бетін қара шаң басқан. Ол 25 фильтр арқылы әлі де зерттелетін болады. Ғалымдар бұл шаңның құрамын тексеріп, оны жер бетіндегі құрамында суы бар минералдарға, пироксен сынды жер қыртысындағы түрлі минералдарға араластырып сынап көрмекші. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети