ПОДЕЛИТЬСЯ
25 тамыз 2021 | 09:13
COVID-19-дың барлық белгілі штамынан қорғайтын антидене анықталды
Сент-Луистегі (АҚШ) Вашингтон университеті жанындағы медицина мектебінің ғалымдары коронавирустың барлық белгілі мутациясын бейтараптандыратын антиденені тапты. Бұл туралы білім мекемесінің сайтында жарияланған зерттеуде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Авторлар 43 үлгіні зерттеп, Петри ыдысындағы SARS-CoV-2 бастапқы нұсқамен инфекцияның алдын алу жолдарын талдады. Кейін кеміргіштерде ең күшті тоғыз бейтараптандыратын бөлшектер сыналған. Сөйтіп, ең тиімділері таңдалды.
Зерттеу нәтижесі бойынша, SARS2-38 антиденесі коронавирустың "альфа", "бета", "гамма", "дельта", "каппа", "йота", сондай-ақ сирек кездесетін мутацияларға да қарсы тұра алады.
Ғалымдардың айтуынша, SARS2-38 вирустың өзгермейтін ақуыз бөлігіне қосылады. Анықталған антидененің бірегей қасиеттерінің бірі - төмен концентрацияда жоғары бейтараптандыру қабілеті, сонымен қатар инфекцияның барлық нұсқасына әсері.
Сонымен қатар, ғалымдар SARS-CoV-2 мутацияларын анықтады, бұл SARS2-38 антиденесінің вируспен күресуіне жол бермейді. Алайда, бұл мутациялар тек 0,04 пайыз жағдайда кездеседі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также