27 маусым 2020 | 11:41

COVID-19-ға қарсы вакцинаның қауіпті симптомдары аталды

© Алихан Сариев

Коронавирусқа қарсы вакцинаны сынауға қатысқандарды бірқатар қауіпті симптомдар алаңдатуы керек. Бұл туралы Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекеменің ғылыми-зерттеу институты вакцинопрофилактика зертханасының вакциналар мен сарысулар жөніндегі меңгерушісі Михаил Костинов айтты, - деп хабарлайды Риа Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирусқа қарсы вакцинаны сынауға қатысқандарды бірқатар қауіпті симптомдар алаңдатуы керек. Бұл туралы Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекеменің ғылыми-зерттеу институты вакцинопрофилактика зертханасының вакциналар мен сарысулар жөніндегі меңгерушісі Михаил Костинов айтты, - деп хабарлайды Риа Новости

Ғалымның түсіндіруінше, ағзаның вакцинаға жеңіл реакциясы дене қызуының 37,5 градусқа дейін, қалыпты орташа реакцияның 38,5 градусқа дейін көтерілуі болып саналады. Костиновтың айтуынша, қызу 38,6 градустан жоғары болса, бұл күшті реакцияға жатады.

Реклама
Реклама

"Кез келген препаратқа реакцияның күші аз болуы керек: бір адамға шаққанда мың, жүз мың жағдай – препаратқа байланысты. Инъекция енгізгенде, шаншу орны қызаруы мүмкін, бірақ қызару диаметрі, ал ең бастысы – тығыздығы, сегіз сантиметрден артық болмауы тиіс", - деді профессор.

Костинов орташа реакция - диаметрі бес-алты сантиметрге дейін қызару екенін түсіндірді. Сонымен қатар, ол температура мен реакция екі күннен артық созылмауы тиіс екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта Ресейде Гамалеи атындағы ҒЗО мен елдің Қорғаныс министрлігі жасаған вакцина сынақтан өткізіліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная