29 сәуір 2020 | 09:48

COVID-19 кезінде өкпеге неліктен зақым түсетіні белгілі болды

© Reuters

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, коронавирус пневмонияны тууына себеп болмайды. Қауіпті асқынуға коронавирус жұқтырған науқастың организмінде темірдің жетіспеуі себеп болады. Бұл туралы Ресей терапевтерінің ғылыми медициналық қоғамының вице-президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Леонид Лазебник "Аргументы и Факты" порталына берген сұхбатында айтты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, коронавирус пневмонияны тууына себеп болмайды. Қауіпті асқынуға коронавирус жұқтырған науқастың организмінде темірдің жетіспеуі себеп болады. Бұл туралы Ресей терапевтерінің ғылыми медициналық қоғамының вице-президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Леонид Лазебник "Аргументы и Факты" порталына берген сұхбатында айтты. 

Бұл - антибиотиктер COVID-19 жұқтырған науқасқа көмектеспейтіні және жасанды тыныс алдыру аппаратының көмектеспейтіні туралы сұрақтың жауабы. 

Реклама
Реклама

"Коронавирус жұқтырған кезде өкпенің нашарлауы пневмонияға ұқсамайды, оны алғаш қытайлық дәрігерлер анықтаған. Артынша мұны америкалық және израилдік дәрігерлер растаған. Өкпе тінінің коронавирус инфекциясы кезінде зақымдалғанын компьютер томографиясы анықтайды. Ал әдеттегі пневмонияны рентген зерттеуі де көрсетеді", - дейді профессор. 

Леонид Лазебник COVID-19 гемоглобин геніне зақым келтіретінін, нәтижесінде темір атомы бұғатталатынын айтады. Нәтижесін адам организмінде темір жетіспеуі пайда болып, оттегі алмасуына кедергі келтіреді. 

"Бұл қауіпті асқыну ферритиннің (ағзадағы темірді топтастыратын, бауырда өндірілетін ақуыз) ұлғаюына әкеп соғады. Ферритиннің артық болуы "цитокин дауылы" - иммундық жүйенің шамадан тыс реакциясын тудырады, иммундық жасушалардың артық мөлшері пайда болады. "Цитокин дауылы" жай-күйдің кенеттен нашарлауына әсер етеді, бұл ауруды жеңіл өткеретін науқастардың кенеттен көз жұмуына себеп болады", - дейді профессор. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная